23 тамызда елордада автобустар мен Tarlan Astana тегін қатынайды
23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауы өтетін күні, Астана қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
«Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.