19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Шабыт» шығармашылық жастар конкурсының финалдық кезеңі басталды

|
Photo: Ришат Иркабаев, Астана Мәдениет басқармасы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Шабыт» шығармашылық жастар конкурсының финалдық кезеңі басталды

|
Photo: Ришат Иркабаев, Астана Мәдениет басқармасы

Астанада XXVIII «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар конкурсының финалдық кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кеше өнер көрсету кезегін анықтау рәсімі өтті, ол шығармашылық сайыстың шешуші кезеңіне ресми бастау береді.

«Шабыт» конкурсы соңғы отыз жылға жуық уақыт ішінде әртүрлі елдің талантты жастарын біріктіретін ең ірі халықаралық шығармашылық платформалардың бірі болып келеді. Биыл қатысушылар мен қазылар алқасының географиясы бұрынғыдан да кеңейіп, жобаның беделі мен маңыздылығын айқын дәлелдеп отыр. «Шабыт» конкурсының халықаралық қазылар алқасына Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің танымал музыканттары, өнер қайраткерлері мен салалық сарапшылары енді.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің фестивальдің ашылу салтанатында айтқан сөздері соған дәлел:

«Елордамен бірге қалыптасып, дамып келе жатқан бұл бірегей шығармашылық фестиваль жастар үшін ерекше маңызды. Әлемге талай дарынды жасты танытқан «Шабыт» биыл 28-рет ұйымдастырылып отыр. Аздаған үзілістен кейін қайта жалғасқан байқау өз деңгейін жоғалтпай, бас қаланың жаңашылдық пен жас таланттардың ордасы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр».

Жеребе тарту кезеңі финалистердің өнер көрсету ретін белгілеп, конкурс күндерінің динамикасын айқындайтын маңызды сәт болмақ.

«Шабыт» мәдениет, тәжірибе және жаңа идеялар тоғысатын халықаралық шығармашылық зертханасы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде.

Конкурс ұйымдастырушыларының бірі Астана қаласы Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясының жетекшісі Бағдат Бекмадина:

«Шабыт» фестивалі – өңірде баламасы жоқ бірегей шығармашылық алаң. Биылғы маусымда еліміздің түпкір-түпкірінен және алыс-жақын шетелдерден 800-ден астам өтінім келіп түсті, бұл шығармашыл жастардың байқауға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазылар алқасының құрамына әлемнің және еліміздің білікті, танымал өнер қайраткерлері енді. Қатысушыларға әділ, кәсіби бағалау алуға мүмкіндік береді».

«Шабыт» конкурсының жеңімпаздары мен Гран-при иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі 22 қараша күні Қазақ ұлттық өнер университетінде (ҚАЗҰӨУ, «Шабыт» ғимаратында) өтеді. Рәсім барысында барлық номинациялар бойынша лауреаттар мен байқаудың басты жүлдесінің иегері жарияланады.

Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • Астана қаласы әкімдігі
  • «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» ШЖҚ ГККП
  • Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)

Толық ақпарат: shabyt2025.kz ресми сайтында

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗