26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Romeo & Juliet» спектаклі жаңаша сахналанды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Romeo & Juliet» спектаклі жаңаша сахналанды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры әлем классикасының ең танымал шығармаларының бірі – Уильям Шекспирдің «Romeo & Juliet» пьесасын жаңаша сахналады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл қойылымды жаңа көркемдік көзқарас пен тың формат ерекше етеді. Спектакльде театр мен кинематографияның көркемдік мүмкіндіктері үйлесіп, синема-эпос жанрында ұсынылды. Пьесаны қазақ тіліне тәржімалаған – қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбаев.

«Romeo & Juliet» қойылымы көркем синтездің жарқын мысалына айналды.

Синема-эпос кинематографияның кең мүмкіндіктері мен театрдың шынайы болмысын біріктіре отырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Спектакльді сахналау үшін елордаға Ресейдің театр және кино режиссері Ұланбек Баялиев арнайы шақырылды. Классикалық драматургияға батыл көзқарасы мен заманауи шешімдері арқылы танымал режиссер бұл жолы да шығармашылық жаңашылдығымен көзге түсті. Қойылымның сценографиясын жасаған – Қанат Мақсұтов. Көрермен назарын театр мен JADO сән үйінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жасалған әсерлі костюмдер аудартты. Премьера әуенін Олжас Дәлелхан жетекшілік ететін театрдың Theatre Avenue бэнді сүйемелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗