Астанада пробациялық бақылауда тұрған адамдар үшін профилактикалық іс-шара өткізілді

Бүгін, 12:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада пробациялық бақылауда тұрған адамдар үшін профилактикалық іс-шара өткізілді
Фото: видеодан скрин/prokuratura.ast

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен елорда әкімдігінің қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған «Заңды өмір – жарқын болашақ» профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында қатысушыларға есірткі құралдарын қолданудың және құқыққа қарсы әрекеттерге тартылудың салдары түсіндірілді.

Тақырыптық бейнероликтер, спикерлердің сөздері және «Екі ғұмыр» театрландырылған қойылымы нашақорлықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын көрсетті.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасы институтын нығайту және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушыларға жұмысқа орналасу және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері ұсынылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Астана қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған жұмысты жалғастырады.