Астанада полиция балалар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Астанада балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен қауіпсіздікке арналған профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары балалардың терезеден құлауының алдын алу, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану тақырыптарында арнайы профилактикалық бейнероликтер көрсетті.
Сонымен қатар қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған дәрістер оқылып, күнделікті өмірде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Полицейлер ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, үйдегі қауіпсіздік құралдарын пайдалануға және жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындары мен көшелердегі жүріс-тұрысына ерекше көңіл бөлуге шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалар арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алып, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.