Астанада перинаталдық орталықта жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-де Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциядағы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараға коалиция мүшелері, медицина саласының қызметкерлері мен бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі қағидаттары мен бағыттары жан-жақты баяндалды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік мемлекеттің қағидаларын жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған нормалар туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ұсынылып отырған өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға ықпалы жөнінде нақты ақпарат берілді.

Медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, Конституция жобасының практикалық маңызына қатысты пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен жиын сындарлы әрі мазмұнды болды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығын атап өтіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау кезеңінде белсенді азаматтық ұстаным таныту – әрбір азаматтың жауапты қадамы екенін жеткізді.
Бұған дейін Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болатынын жаздық.