Референдум-2026

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысы ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 5 және 6 шілде күндері бұл учаске ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.