Астанада Конституцияның жастар өміріндегі рөлі талқыланды

Бүгін, 09:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Конституцияның жастар өміріндегі рөлі талқыланды
Фото: Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімдігі

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімдігінде «Конституция және жастар: мүмкіндіктер мен жауапкершілік» атты диалогтық кездесу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесуге спикерлер ретінде Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар кездесудің спикері Қазақстан Жастар Конгрессінің төрағасы болды.

Кездесу барысында Конституцияның жастар өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, жастарға мемлекеттік қолдау механизмдері, сондай-ақ жастардың өз-өзін дамыту және қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Іс-шараға аудан колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Кездесу ашық диалог форматында өтті, қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.