Астанада конституциялық реформаларды жүзеге асыруда жастардың рөлі талқыланды
20 ақпан, 2026
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талқылауға арналған «Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлер мен ҮЕҰ көзқарасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараға үкіметтік емес сектор мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар конституцияның негізгі бағыттарын, азаматтық қоғам институттарының рөлін және қоғамдық-саяси, құқықтық өзгерістерге көпшіліктің қатысуын сөз етті.
Мемлекеттік дамуға жастарды тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттер мен жас көшбасшылар мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың белсенділігін арттырк және заң шығару үдерісінің ашықтығын қадағалау бойынша ұсыныстар айтты.
Ұқсас жаңалықтар
12 шілде, 2026
Астанада отбасылық демалысқа арналған Trend Up Fest өтті
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026 фестивалінің алғашқы күніне 40 мыңға жуық адам келді
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026: 56 тонна қымыз ұсынылып, Қазақстан рекорды жаңарды
12 шілде, 2026
BaiQymyz-2026: «Қамбар ата» көрмесі жылқы мәдениетін сурет арқылы ұлықтады