Астанада конституциялық реформалар мен жастардың рөлі талқыланды

Бүгін, 17:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада конституциялық реформалар мен жастардың рөлі талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Jastar X диалог алаңы аясында «Конституциялық өзгерістер және жастардың ел дамуына қосатын үлесі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараның мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған реформаларды талқылау, сондай-ақ қоғамдық диалог институттарын дамыту және шешім қабылдау үдерістеріндегі жастардың рөлін арттыру мәселелерін қарастыру.

Сонымен қатар сарапшылар 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сараптамалық кездесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асан, Жалпыұлттық коалицияның, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сарапшылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының және жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

Бұған дейін қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайтынын жаздық.