Астанада ерлер арасында волейболдан Қазақстан кубогы өтеді
11 желтоқсан, 2025
Фото: volley.kz
11-19 желтоқсан күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ерлер арасында волейболдан Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Турнирге еліміздің ең үздік сегіз командасы қатысып, маусымның бас жүлдесін сарапқа салады.
А тобы: «Астана», «Жайық», «Жетісу», «Буревестник».
Б тобы: «Ақтөбе», «Тараз», «Атырау», «Есіл-Ск».
Көрермендерді тартысты матчтар, жарқын эмоциялар және үлкен спорттық бәсекенің ерекше атмосферасы күтіп тұр.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарын жарысты тамашалап, командаларды қолдауға шақырады.
Жарыс кестесін Қазақстан волейбол федерациясының Instagram парақшасынан қарауға болады.
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады