Астанада бір көше жөндеу жұмысына жабылады

19 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада бір көше жөндеу жұмысына жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«М.Дулатов көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде яғни А.Герцен көшесінде жол төсеміне  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай бұл учаскелерде 20 мен 25 қыркүйек аралығында толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымадстырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады», - деп жазылған хабарламада.