Астанада Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
12 қыркүйек, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қажымұқан көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл ретте 12 қыркүйектен бастап күндізгі уақытта Қ.Сәтбаев көшесі жағынан Қажымұқан көшесі бағытындағы қозғалыс толығымен жабылды.

Ақбұлақ каналы жағынан бағыт тек оңға және солға қамтамасыз етіледі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты