Астанада №504 экспресс-бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Бүгін, 17:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада №504 экспресс-бағдардың қозғалыс сызбасы өзгереді
Фото: City Transportation Systems

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті №504 экспресс-бағдардың жолаушылары!

7 ақпаннан бастап халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №504 экспресс-бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі.

Енді бағдар Ш.Құдайбердіұлы көшесінен І.Жансүгірұлы көшесіне бұрылып, «Теплотранзит» аялдамасына дейін жүреді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, автобустардың жүрген жерін Avtobys қосымшасы арқылы көре аласыздар.