«Астана Опера» репертуары жаңа қойылыммен толықты

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Астана Опера» репертуары жаңа қойылыммен толықты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Астана Опера» театрының Үлкен залында қазақстандық хореограф, театр солисі Сұлтанбек Ғұмардың «Мәңгіліктің төрт сыры» балетінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Осылайша, елордалық театр репертуары жаңа қойылыммен толықты.

Спектакльдің өзегіне адам өміріндегі басты рухани құндылықтардың бірі – махаббат тақырыбы арқау болған. Көркем сахналық тіл арқылы қойылым адамдар арасындағы өзара құрмет, түсіністік пен ішкі кемелдікті терең бейнелейді.

«Мәңгіліктің төрт сыры» – Сұлтанбек Ғұмардың алғашқы бір актілі спектаклі. Балеттің эмоциялық әрі философиялық тереңдігін ұлттық әуендерді заманауи классикалық үнмен үйлестірген композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасы айқындай түседі.

Театрдың симфониялық оркестрі мен хоры «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің дирижерлігімен өнер көрсетті.