Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының әскери қызметшілері дене даярлығы бойынша бақылау сынақтарынан өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаментіне қарасты дене даярлығы басқармасының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери полиция қызметкерлері мықты дене дайындығымен әрекет етуге жарамдылығын ұдайы растауы тиіс. Бақылау барысында әскери қызметшілер белгіленген нормативтерді толық орындады. Жасақтың жеке құрамы дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетіп, кәсіби машығын, төзімділігін және қызметтік міндеттерін орындауға толық әзір екенін дәлелдеді, – деді Жауынгерлік даярлық департаменті дене даярлығы басқармасының бастығы подполковник Олжас Сердәлиев.

Ведомствоның мәліметінше, Әскери полиция қызметшілері үшін жоғары дене даярлығы – кез келген күрделі жағдайда тиімді әрекет етуге және жүктелген міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік беретін кәсіби шеберліктің ажырамас бөлігі болып табылады.
Еске салсақ, Қапшағайда арнайы жасақ сарбаздарын даярлайтын «Nomad» курсы басталды.