Бұл туралы Сенат аппаратының жетекшісі Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Максим Споткайдың Telegram желісіндегі жазбасына сүйенсек, сенат мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау туралы заңға түзетулер енгізген. Нақтырақ айтқанда, 200 және одан да көп көрермені бар концерттерде вокалдық фонограммаларды пайдалануға тыйым салу туралы норма нақтыланды.
«Дауыстық (вокалдық) фонограммаларды тек телевизиялық контент жасау кезінде және концерттер өткізуге келмейтін жерлерде пайдалануға рұқсат етіледі.
Көрерменді дауыстық (вокалдық) фонограмманы пайдаланатыны туралы хабардар ету міндеті бекітілді, шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда пайдалану кезінде автордың аты-жөнін көрсету талаптары нақтыланды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде заң қайта қарау үшін мәжіліске қайтарылды.