Арсланбек Мағзұм: Жастар – ел болашағын айқындайтын негізгі күш
Астана қаласы Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм 15 наурызда жастарды референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Арсланбек Мағзұмның айтуынша, жастар – сайлауға қатысатын ең жас әрі жауапты буын.
Ол жаңа Конституция жобасында адам құқығы, білім, ғылым, мәдениет және инновация бағыттарына ерекше назар аударылғанын айтты.
«Жаңа Конституция жобасында адам құқығы, білім беру, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамытуға басымдық берілген. Бұл – жастардың әлеуетін ашуға және олардың болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», – деді ол.
Сондай-ақ спикер барша азаматтарды дауыс беруге саналы түрде қарауға шақырды.
«Бәріміз референдумға жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуымыз керек. 15 наурызда еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық», – деп атап өтті А.Мағзұм.