04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

|
Photo: Фото: polisia.kz

Қарағандыда «Қарасора-2025» жедел іс-шарасы барысында есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қарағанды қаласында «Қарасора-2025» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері ірі операция өткізді. Нәтижесінде есірткі таратқан екі шетел азаматы ұсталды.

«Операция кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдар қала көшелерінің бірінде қолға түсті. Тінту барысында үлкенінен әрқайсысы шамамен 0,5 грамм болатын құрамында A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 грамдық 11 түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші күдіктіден телефон тексеру кезінде куратормен жазысқан хаттар мен есірткі жасырылған орындардың фотосуреттері анықталды», - делінген хабарламада.

Көрсетілген мекенжайларға тексеру жүргізу нәтижесінде құрамында ұқсас зат бар 16 түйіншек табылды. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен жүргізілген тінту барысында алдын ала мефедрон деп анықталған, салмағы 0,5 грамм бір түйіншек тәркіленді. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады. Барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, олардың нақты құрамы мен салмағы анықталатын болады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗