Референдум-2026

Ақмола облысында төрт теміржол вокзалы жаңартылып, пайдалануға берілді

Бүгін, 17:30
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ақмола облысында төрт теміржол вокзалы жаңартылып, пайдалануға берілді
Фото: Көлік министрлігі

Ақмола облысында қайта құру жұмыстарынан кейін Бурабай, Шортанды, Макинка және Ақкөл курорттық станцияларының вокзалдары ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

ҚТЖ мәліметінше, 1988 жылы салынған Бурабай курорты вокзалы күн сайын шамамен 1601 жолаушыға қызмет көрсетеді, ал жазда 2 мыңға дейін жолаушы келеді.

«Станция арқылы курортты Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Қарағанды, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен байланыстыратын 30 пойыз өтеді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,2 мың шаршы метрден асады», делінген хабарламада.

Ал Шортанды, Макинка және Ақкөл станциялары арқылы 14 жолаушылар пойызы өтеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері теміржол көлігімен Ақмола облысына барған жолаушылар саны 296 мың адамды құрады.