Ақмола облысында өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды

Бүгін, 13:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақмола облысында өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Макинск қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконында тұтанған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері мен құралдары барды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын болдырмады.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына отты абайсызда қолдану себеп болды», - делінген хабарламада.