Ақмола облысында киік атқан елордалық ұсталды

Ақмола облысында киік атқан елордалық ұсталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысында табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулаумен айналысқан елорда тұрғынын қолға түсірді. Күдікті заңсыз атып алған киік етін квадроциклмен тасымалдаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оқиға 1 маусым күні Целиноград ауданына қарасты Ақмешіт ауылының маңында болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, заңсыз аң аулау туралы ақпарат түскен бойда оқиға орнына жедел топ аттанған.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлері квадроцикл мінген 46 жастағы Астана тұрғынын тоқтатты. Көлікті тексеру барысында екі киіктің ұшасы табылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша заңсыз аң аулау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Ақмола облысы аумағында жыл басынан бері заңсыз аң аулауға қатысты осыған дейін екі қылмыстық іс тіркелген.