Ақмола облысында 1,5 гектардан астам жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде Степногорск қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 52 млн теңге болатын, жалпы аумағы 1 500 гектардан астам жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары тарапынан жер заңнамасының өрескел бұзушылықтары анықталды.
Атап айтқанда, жер учаскелерін сауда-саттықсыз беру, конкурстық рәсімдерді сақтамау, жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, сондай-ақ жерді өз бетінше басып алу фактілері орын алған.
Қала әкімдігі тарапынан жерді ұтымды және нысаналы пайдалануына мемлекеттік бақылау іс жүзінде жүзеге асырылмағаны анықталды.
Прокуратураның талап етуімен Жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент тарапынан заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қайтару туралы 2 талап-арыз сотқа жолданды.
«Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Жер учаскелерін пайдалану және беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда мердігер ұйым абаттандыру нысандарына бөлінген 160 млн теңгені жымқырғаны туралы жаздық.