03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжанда ұсталды

|
Photo: Фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйел Әзербайжанда ұсталды

|
Photo: Фото: freepik.com

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматшасын заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.

2024 жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - делінген хабарламада. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗