27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда Қытай азаматын алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда Қытай азаматын алдап, ақша бопсалаған топ ұсталды

|
Photo: polisia.kz

Алматыда полицейлер шетелдік азаматтардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы қаласының полицейлері құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп жалған танысып, Қытай Халық Республикасының азаматтарынан ақша бопсалаған бір топ адамның қылмыстық әрекетін әшкереледі. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.

Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне жақындап, өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барған күдіктілер ақша талап еткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында күдіктілердің тұлғасы қысқа уақыт ішінде анықталды. Біз олардың азаматтарды алдап, жалған полиция қызметкері ретінде ақша талап ету әрекеттерін дер кезінде тоқтаттық. Қазіргі уақытта бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Полиция қылмыстық әрекеттерді анықтау бойынша жұмысты күшейте беретін болады. 

«Әрбір заңсыздық фактісі мұқият тексеріліп, кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады. Алматы қаласының полицейлері күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда», – деп атап өтті қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗