Алматыда нөсер жауын салдарынан жол опырылып, 13 көлікке зақым келген
17 қыркүйек, 2025
Фото: Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінен
Оқиға кеше Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, мердігер компания бұған дейін ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмысын толық көлемде аяқтаған. Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылды.
«Қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуы тиіс еді. Алайда жауын суы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Қатты нөсерден жол шөгіп, жабыны бүлінген. Салдарынан 13 көлік зақымданды», - деді қала әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин.
Енді мердігер ұйым зақымданған көлік иелеріне келтірілген шығынды толық өтейді.
Ұқсас жаңалықтар
14 тамыз, 2026
KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді - министрлік
14 тамыз, 2026
Кейбір өңірдегі тұтынушылар жарықтан ажыратылды - Энергетика министрлігінің мәлімдемесі
14 тамыз, 2026
Полиция формасын киіп, әдепсіз би билеген блогер жауапқа тартылды
13 тамыз, 2026
Даркнеттегі қазақстандықтардың дербес деректері: ІІМ істі ерекше бақылауға алды