Алматы облысында жеті жасөспірім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді
16 қазан, 2025
Фото: freepik.com
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында 7-сынып оқушысына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық дерегі бойынша түсінік берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, күдікті ретінде жеті кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.
– Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық әрекеттері бойынша түсіп жатқан сұрақтарға байланысты мынаны хабарлаймын: жеті жасөспірім анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді ол.
Динара Зәкиева сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген топ ұсталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр, 2026
Астана су қоймасында жел айдап кеткен екі серфингші құтқарылды
8 мамыр, 2026
Франкфуртқа ұшап бара жатқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды
8 мамыр, 2026
Астанадағы өрт кезінде 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды
7 мамыр, 2026
Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің балконындағы өрт сөндірілді