Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бүгін бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен алғашқы Әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыс аясында жеребе тартылып, соның нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер

50 келіге дейін: Даниял Сәбит - Иштван Сака (Венгрия)
55 келіге дейін: Бағлан Кенжебек - Жирайр Саргсян (Армения)
60 келіге дейін: Жансері Көшербаев - Джуд Галлахер (Ирландия)
65 келіге дейін: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Хассен Аттия (Тунис)
70 келіге дейін: Фарух Тоқтасынов - Джон Макконнелл (Ирландия)
75 келіге дейін: Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Жафаров (Әзербайжан)
80 келіге дейін: Диас Молжігітов - Кай Ториабе (Жапония)
85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карузо (Италия)
90 келіге дейін - Дәулет Төлемісов - Исаиас Фильо (Бразилия)

Әйелдер

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова - Михаэла Бадеску (Румыния) - Златислава Чуканова (Болгария) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы
54 келіге дейін: Назым Қызайбай - Айшен Ташкын (Түркия)
60 келіге дейін: Виктория Графеева - Эмили Рзаева (Әзірбайжан)
65 келіге дейін: Аида Әбікеева - Викторие Йилкова (Чехия) - Мезморизе Андерсон (Жаңа Зеландия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы
70 келіге дейін: Наталья Богданова - Бусеназ Сюрменели (Түркия) - Кьяра Сараиелло (Италия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы
80 келіге дейін: Жібек Жарасқызы - Эмилия Котерска (Польша)
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова - Жофия Сира (Мажарстан).

Еске салсақ, былтырғы Бразилияға барған құраммен салыстырсақ, биыл тек Диас Молжігітов пен Дәулет Төлемісов сақталған. Тілшіміздің құрамаға қатысты шолуын қарап шығыңыздар.