Air Astana беделді халықаралық марапаттарға ие болды
Air Astana Гамбургте өткен жыл сайынғы WTCE көрмесінде борттық қызмет көрсетудің жоғары сапасы үшін бірқатар халықаралық наградаларға ие болды. Әуе компаниясы Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX Readership Awards сыйлықтарын бірнеше санаттар бойынша алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air Astana бизнес-класс жол жиынтығы, бизнес-кластағы төсек-орын жабдығы, алты жастан асқан және сәбилерге арналған балалар жол жиынтықтары үшін Travel Plus алтын сыйлығын жеңіп алды, сондай-ақ жолаушыларға арналған сервис пен қолайлылық үшін бес жұлдызды рейтингке ие болды.
Onboard Hospitality қазылар алқасының жоғары бағасына «Жас жолаушыларға арналған үздік жол жиынтығы» ие болды.
Бұдан басқа, Air Astana ТМД өңіріндегі PAX Readership Awards сыйлығының «Үздік жолаушылар тәжірибесі», «Үздік борттық тамақ», «Эконом-кластағы үздік жол жиынтығы», «Үздік балалар жол жиынтығы», «Бизнес-кластың үздік жол жиынтығы» және «Бизнес-кластың үздік асханалық тоқымасы» санаттарында жеңімпаз атанды.
WTCE (World Travel Catering & Onboard Services) – кейтеринг, бөлшек сауда және жолаушыларға арналған сервис саласындағы жетекші халықаралық көрме. Іс-шара 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және Air Astana бірнеше рет оның лауреаттарының қатарына кірді.
Еске сала кетейік, FlyArystan әуе компаниясы Ақтау-Дубай-Ақтау бағытындағы рейстерді 29 тамызға дейін тоқтатты.