Айгүл Сәдуақасова: Халық кеңесі – жаңа институционалдық деңгейге шығатын алаң

Бүгін, 16:10
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Айгүл Сәдуақасова: Халық кеңесі – жаңа институционалдық деңгейге шығатын алаң
Фото: Конституциялық Сот

Халық кеңесі – жаңа институционалдық деңгейге шығатын алаң. Бұл туралы бүгін  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың архитектурасы» сарапшылар алаңында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

«Халық кеңесі - бұл қазір тек қана кенеттен, ойға келген немесе пайда болған орган деп айта алмаймыз. Оны Президенттің өзі нақты айтты.
Бұл жерде біз егеменді 35 жылдық тарихымызда жинақталған өз тәжірибемізге сүйенеміз. Ал ол тәжірибеміздің ішінде не бар? Бұл жерде 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы бар. Бұл жерде –  2003 жылдан бері дәстүрлі түрде, жүйелі түрде өтіп келе жатқан, әлемде брендке айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Біз осы уақытқа дейін сегіз съезд өткіздік. Және де соңғы 5 жылдықта белсенді жұмыс атқарған ашық сарапшылар алаңы – Ұлттық Құрылтай бар. Сондықтан Халық кеңесі өзіне дейінгі үш негізгі институттар тарихын жинақтап, жаңа институционалдық деңгейге шығатын алаң», - деді Айгүл Сәдуақасова.