Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай агроөнеркәсіптік кешеннің үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министр Айдарбек Сапаровтың қолынан 59 адам — ардагерлер, аграрийлер, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың қызметкерлері, министрліктің орталық аппараты мен оған қарасты ұйымдардың мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалар алды. Олар отандық АӨК-тің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар.

Ауыл шаруашылығы ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді — аграрлық саланың дамуына және жаңа буын мамандарын тәрбиелеуге ондаған жылдарын арнаған азаматтар.
«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Отаров Кадырхан Махмутұлы мен
Уисимбаев Аскарбек Съезбекұлына берілді.
Аграрлық сектордың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ауыл шаруашылығы ардагері Михаил Васильевич Трошихин «Парасат» орденімен марапатталды. Ал «Құрмет» орденімен 6 адам наградталды.
Агросектордың үздік өкілдеріне «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі,
Құрмет грамоталары және Ауыл шаруашылығы министрінің алғыс хаттары табысталды.
Бұл марапаттар — мамандардың жоғары кәсібилігін, бастамашылдығын және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан жеке үлесін мойындау.
Айдарбек Сапаров өз сөзінде өнімділікті арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу, қайта өңдеуді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жер үстінде еңбек етіп жүрген мыңдаған қазақстандықтың жанкешті еңбегіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Министр марапатталғандардың кәсібилік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі екенін, олардың еңбегі аграрлық саланың тұрақты дамуына және елдің экспорттық әлеуетінің артуына ықпал ететінін айтты.