Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилияда қара жәшік деректерін саралау аяқталды
7 қаңтар, 2025
Фото: ТЖМ
6 қаңтарда Бразилияның авиациялық оқиғалар мен апаттардың алдын алу орталығы (CENIPA) 25 желтоқсанда Қазақстанда апатқа ұшыраған Embraer ұшағының «қара жәшігін» талдауды аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеуге Қазақстан, Әзербайжан және Ресей елдерінің делегациялары қатысып, Бразилия әуе күштері (FAB) көмек көрсетті. Техникалық сарапшылар борттық жазғыштардан алынған деректерді сәтті тексеріп, оны Қазақстан тарабына табыс етті.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, елге келген соң сарапшылар борттық жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі.
Еске сала кетейік, Embryer 190 ұшағы 25 желтоқсан күні Ақтауда апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.
Ұқсас жаңалықтар
14 сәуір, 2026
Ақтөбеде TikTok үшін көліктің үстіне шығып видео түсіргендер жауапқа тартылды
14 сәуір, 2026
Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды – ВИДЕО
14 сәуір, 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен алты адам құтқарылды
13 сәуір, 2026
Семейлік зейнеткер студент қызы 21 жасқа толғанша алимент төлеуге міндеттелді