24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

40 млн тонна мал азығы жиналды – АШМ

|
Photo: АШМ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

40 млн тонна мал азығы жиналды – АШМ

|
Photo: АШМ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау науқаны аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz АШМ-ге сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған.

Жалпы республика бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде 39,8 млн тонна мал азығы әзірленді.

Бұл қыс маусымында малдарды ұстауға жеткілікті әрі сенімді қор қалыптастырады.

Бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындады.
Олардың қатарында: Солтүстік Қазақстан (147,1%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (102,3%), Ұлытау (102,4%) облыстары бар.

Сенаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (108,0%), Алматы (107,5%), Павлодар (105,0%), Түркістан (106,2%), Жетісу (105,1%) облыстары жоғары көрсеткіш көрсетті.

Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025–2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗