2026 жылы елімізде үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдағы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ислам даму банкінің несиесінің бірінші траншы есебінен 2026 жылы Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталады, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында екі су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі.
Министр сонымен қатар оңтүстіктегі бес облыста жалпы ұзындығы 986 шақырымды құрайтын 103 каналға арналған 96 жобаны реконструкциялау және автоматтандыру жұмыстары басталатынын атап өтті.
Бұған дейін Үкімет алдағы вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерде суармалы судың тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін екендігін айтқан болатын.