1 300 сарбаз білім беру грантының иегері атанды

Бүгін, 13:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
1 300 сарбаз білім беру грантының иегері атанды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

2025 жылы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 1 300 мерзімді әскери қызметшісі «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында білім беру грантының иегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны конкурс жеңімпаздарын оқуға қабылдау жөнінде меморандумдарға қол қойған. Тегін білім алумен қатар, қатысушыларға шәкіртақы және жатақханадан орын беріледі.

Өтінімдер 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 2026 жылғы 28 ақпан аралығында қабылданады. Биыл құқықтық тәртіп әскері қатарындағы 2 600-ден астам сарбаз байқауға қатысуға өтінім берді. Гранттар жауынгерлік даярлықта, тәртіпте және қызметтік міндеттерді орындауда жақсы нәтиже көрсеткен ең үздік сарбаздарға табысталады.

Бұған дейін ұландықтар Астанада өткен халықаралық дрон-жарыста жүлдегер атанғанын жаздық.