00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жол ережесін 30 рет бұзған жүргізушіге 2 млн теңге айыппұл салынды

12 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Жол ережесін 30 рет бұзған жүргізушіге 2 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Павлодар қаласында Mercedes автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі 2 миллион теңгеден асатын айыппұлмен ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол ережесін өрескел бұзған жергілікті тұрғын Назарбаев даңғылында полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

«Қысқа мерзім ішінде жүргізуші жол ережесін шамамен 30 рет бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асады. Кей жағдайларда ол көлігін аса жоғары жылдамдықпен айдаған. Автокөлік шетелде тіркелген. Қазіргі таңда көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші барлық айыппұлдарды толық төлеуге міндетті. Мәселен, қазан айында жүргізуші Омбы тас жолында жылдамдық режимін бұзып, елді мекен ішінде 60 км/сағ шектелген жылдамдық орнына 93 км/сағ жылдамдықпен жүрген», - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Елді мекендердегі жылдамдықты арттыру барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері айыппұлдарын төлемегені үшін 42 көлікті айыппұл тұрағына қойды. Барлық айыппұлдарды өтегеннен кейін көліктер иелеріне қайтарылды.