«Жеңіске 100 күн қалды»: Қостанайда ерекше концерт өтті

«Жеңіске 100 күн қалды»: Қостанайда ерекше концерт өтті
Фото: ІІМ Ұлттық ұланның «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда елімізде «Жеңіске 100 күн қалды» атты акция аясында көптеген іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрі сауда үйлерінің бірінде  мерекелік концерт өткізді. Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл мерекелік іс-шара – қала тұрғындары үшін үлкен сый. Іс-шара барысында ұландықтар соғыс жылдары шырқалған әндерді орындап, қала тұрғындарының керемет қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар қала тұрғындары ұландықтар мен бірге ән шырқап керемет көңіл күй көтерді. Ал өскелең жас ұрпақ жеңістің 80 жылдығына арналған бұл концертті тамсанып тамашалады.

«Бұл ұйымдастырып отырған іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа жеңіс туралы ақпарат беру. Жастарымыз біздің ардагерлеріміз, батырларымыздың жасаған әрбір ерлік ісін үлгі өнеге тұтса деген ойымыз бар. Бұл біздің іс-шаралардың бастамасы, алдағы уақытта аталмыш акция барысында көптеген ақпараттық іс-шаралар өткіземіз», - деді  әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ескендір Сараубеков.

Аталмыш іс-шара соныңда қала тұрғындары әскери оркестрге өз қошеметін білдіріп, естелік фото суретке де түсті.