00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау басталады

4 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау басталады
фото: www.gov.kz

5 тамыздан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында беріліп келеді.

Грант мөлшері – 3 млн теңге. Оған конкурстық негізде 14 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жыл қоса алғанда) қазақстандықтар үміткер бола алады.

Аталған грант 6 бағыт бойынша беріледі. Оның ішінде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік» бағыттары бар.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 5 тамыздан 6 қазанға дейін жалғасады.

Дарынды жастардың жаңа идеялары мен түрлі жобаларын іске асыру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2029 жылға дейін беріледі деп жоспарланған.