00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бойынша қандай жұмыс жүргізілді

17 желтоқсан, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы Зарина Сәрсенбайқызы
Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бойынша қандай жұмыс жүргізілді
фото: t.me/KZgovernment

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында республикада Тұран жолбарысының тарихи мекеніне жерсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылғанын атап өтті.

Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді. Сонымен қатар 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді. 

Биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді. 2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде. 

«Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Жануарлардың қоныс аударуы және олардың бейімделуіне жағдай жасау Қазақстанның бірегей дала экожүйелерінің түрін сақтауға және табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал ететіні атап өтілді.