00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сот кабинеті» сервисіне былтыр 29 мың талап арыз келіп түсті

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сот кабинеті» сервисіне былтыр 29 мың талап арыз келіп түсті
ашық дереккөз

ҚР Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысы Елдос Жұмақсанов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Сот әкімшілігі сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеумен және жетілдірумен айналысады. Әкімшіліктің міндеті сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу болып табылады. Астана қаласы бойынша сот әкімшілігі жүйесін дамыту бағытында көптеген жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. 

Мәселен, «Сот кабинеті» сервисіне 2023 жылы 29 000-нан астам талап арыз келіп түскен. Жұмыс барысында сот кабинеті арқылы электронды түрде берілген талап арыздардың үлесі 79 пайызды құрайды екен. 

Сонымен қатар, ақпараттық порталдар елордалық соттың ресми ресурстарына сілтеме жасай отырып, қаралған істер мен өткізілетін іс-шаралар туралы 1 100-ден астам жаңалықтар материалдарын орналастырған. Әлеуметтік желілерде заңнаманы және құқық қолдану практикасын түсіндіру бойынша LIVE-эфирлер өткізіліп отырады. «Судьяға 10 сұрақ» айдары іске асырылып, қазіргі уақытта аудандық соттарда WhatsApp желісі арқылы «Жедел желілер» жұмыс істеуде. Азаматтардан «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жалпыға қолжетімді топ Smart-сот - IT правосудие KZ-ке түсетін шағымдарға мониторинг және қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Департамент басшысының айтуынша, алдағы уақытта да азаматтарға ашықтық бағытында жұмыстар атқарылып, сот жүйесінің жұмысын жетілдіру жоспарланған. Ақпараттық ашықтық нәтижесінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, шағымдар санының 2 есе төмендеуі байқалған.