Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалмайтын болды
7 қараша, 2024
Салтанат Мұратқызы
Фото: https://t.me/GenPr
Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағаланғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
«Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.
Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды, - делінген хабарламада.
Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:44
«Есірткіге жол жоқ»: Астанада 197 қауіпті интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді
Бүгін, 16:48
Туризм саласына бағытталған инвестиция көлемі артты
Бүгін, 14:39
Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігі қалай жұмыс істейді
Бүгін, 14:21
eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды