00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер аязда жолда қалған шетелдік жолаушыларға көмектесті

Полицейлер аязда жолда қалған шетелдік жолаушыларға көмектесті
фото: Polisia.kz

Аягөзде аязда жолда қалған Моңғолия жолаушыларына полиция қызметкерлері көмек қолын созды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы – Өскемен тас жолындағы қатты боран салдарынан Моңғолиядан Алматыға бағыт алған жолаушылар автобусы Аягөз қаласында аялдауға мәжбүр болды. Автобуста 23 жолаушы, оның ішінде 19 моңғолиялық және 4 қазақстандық азамат болған. Олардың бірі кәмелетке толмаған жасөспірім. Қала полицейлері жолда қалған адамдарға көмек көрсетіп, спорт мектебінде орналасқан жылыту пунктінен жайлы орын ұсынды. Алайда жолаушылар автобус ішінде қалуды құп көрді.

Суықта қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобус жанында кезекшілік атқарып, көмек көрсетуге дайын полиция бекеті орнатылды. Құқық қорғау қызметкерлері қолайсыз ауа райы жағдайында жедел әрекет етіп, жолаушыларға сенімділік пен қауіпсіздік сезімін сыйлады.