Ислам Сұңқар – Сатушылар кез-келген оқу орнының дипломын ұсынып жатыр
Парламент Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар жалған диплом мәселесін көтерді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаты Ислам Сұңқар осыған қатысты депутаттық сауал жолдады.
Интернетте жоғары білім туралы дипломды және кез-келген оқу орнының мемлекеттік үлгідегі бланкісімен сәйкес етіп каллиграфиялық қолжазбамен бірдей толтырылған құжаттар сататын сайттар бар екендігі құпия емес. Әсіресе құжаттардағы қол мен мөр рас деп сендіреді. Олар дипломын ұсынатын оқу орындарының тізімін ұсынады: Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, және т.б. сынды іргелі оқу орындары бар - деді депутат.
Ислам Сұңқар тәуелсіздік жылдары барлық ресми берілген білім туралы дипломдардың дұрыстығын тексеру жүйесін енгізу бойынша жұмысты жеделдетуді ұсынды.
Депутат тәуелсіздік жылдары білім туралы барлық ресми берілген дипломдардың дұрыстығын тексеру жүйесіне енгізу бойынша жұмысты жеделдетуді және жыл сайын деректерді жағартып отыруды ұсынды.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдары жалған дипломдарды сататын интернет-ресурстарды бұғаттау, сонымен қоса, жалған құжаттардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдағаны жөн.