Ербаян Мұхтардың диагнозы өте ауыр – министр

29 сәуір, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ербаян Мұхтардың диагнозы өте ауыр – министр
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ербаян Мұхтардың жағдайы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бақылауда. Ата-анасымен осыдан бірнеше күн бұрын кездестім. Жағдайы тұрақты. Сонымен қатар, 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр», - деді Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында.

Сондай-ау журналистер министрге «Қазақстанның медицинасы сарбазды аяқтан тұрғызып жіберуге қауқарлы ма?» деп сұрақ қойды.

«Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфеккция да түскен.Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын-ала болжам жасамай-ақ көмектің алып жатқанын айтқым келеді», - деді министр.