Еңбек күніне орай жастар арасында 200 іс-шара өтті

фото: t.me/madenietaqparat
Еңбек күні аясында Қазақстанда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, экологиялық іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері, «Адал азамат – адал еңбек» диалог алаңдары сияқты 200-ден астам іс-шара өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, еңбек адамдарын кеңінен насихаттауға баса назар аударылды. Осы мақсатта Абай ауданында «Еңбекші жастар – 2024» және Қарағанды облысында «Шебердің қолы алтын» атты фестивальдер өтті.
Сондай-ақ бірқатар өңірлерде «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жұмыс маусымын салтанатты түрде қорытындылады.
Еңбек күніне арналған іс-шараларға барлығы 2 мыңнан астам жас тартылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:21
«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында заң бұзушылықтар анықталды

Бүгін, 14:25
Зардап шеккендермен болған жол апаттарының саны 1,5 есеге артты

5 қыркүйек, 2025
Әуе қорғанысы күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өтті

5 қыркүйек, 2025
Түркістан облысында 90-ға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген