00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Бүгінге арналған ауа райы болжамы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Бүгінге арналған ауа райы болжамы
фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер ауа райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. А

 Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Ақмола облысында да бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жолдарда күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Павлодар облысының бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.