Бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел: 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
20 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын жауады, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.