БҚО-да 40 мұғалімге тиісті сыйақысы берілмеген

7 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
БҚО-да 40 мұғалімге тиісті сыйақысы берілмеген
фото: Оңалхан Өнерхан

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында 40 мұғалімнің еңбектері үшін сыйақы алуға конституциялық құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2024 жылы аудандық білім басқармасы 40 мұғалімге жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі жол ақысын төлемеген. Ал ҚР Конституциясы 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

«Еңбек кодексі 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер, баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді. Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.