00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстандықтар тағы бір медициналық анықтаманы онлайн ала алады

28 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстандықтар тағы бір медициналық анықтаманы онлайн ала алады
Фото: Мария Конюхова

eGov.kz порталын пайдаланушылар көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады. Жаңа көрсетілетін қызмет жүргізуші куәлігін рәсімдеу, ұзарту және қалпына келтіру процесін айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

073/у нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.

Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық» – «Медициналық көмек» бөліміне өту;

- «№ 073/у нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау;

- Қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде мамандардың қорытындысы бар медициналық анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.