Қазақстанда жаңа салық пайда болады


Елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық төлеу жеңілдеуі мүмкін. LS редакциясының сауалына Ұлттық экономика министрлігі жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрліктің жауабында Салық кодексінің жобасында бірыңғай және ең төменгі төлем 4 пайыз болатын жаңа жеңілдікті режим көзделгені туралы жазылған.
«Бұл суммаға міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру кіреді», - деп түсіндірді ҰЭМ.
Бірыңғай төлемді қосымша арқылы немесе салық агенті (платформа) арқылы дербес жасауға болады.
«Шекті табыс – жылына 4 080 АЕК – тен немесе 2025 жылға 16 042 560 теңгеден аспайды», - делінген жауапта.
Ведомство жаңа кодексті әзірлеу барысында арнайы режимдерді реформалау бойынша жұмыстар жүргізілгенін айтты. Тексеру қорытындысы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін режимдер көзделген.
Сонымен қатар Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жеке тұлға бұл режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз пайдалана алатындығы туралы хабарлады.
Бұған дейін Сенаттың дөңгелек үстелінде еңбек бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов БЖТ-ға балама әзірленіп жатқанын айтқан болатын.